Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдап, еліміздің алдағы дамуының басты бағыттары айқындалды. Әсіресе цифрландыру мен жасанды интеллект дәуіріне қадам басу жөніндегі бастамалар – заман талабына сай маңызды қадам. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту, энергетика саласындағы жаңа жобалар, әлеуметтік қолдау шаралары халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын көрсетті.
Бұл Жолдау – әрбіріміз үшін үлкен жауапкершілік пен жаңа мүмкіндіктер кезеңін ашады. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру арқылы Қазақстан дамыған, қуатты елге айналатынына сенемін.
Қаныбек АЙТЖАНОВ,
«AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы.

