Алматы облысы «Белсенді ұзақ өмір орталығы» Қарасай ауданы филиалында орталығымыздың қызметкерлері мен қызмет алушыларына «Заң және Тәртіп» тақырыбы аясында маңызды әрі танымдық дәріс жүргізілді.
Дәрісті жүргізген Қарасай ауданының учаскелік полиция инспекторлары:
Анарбек Досым Ермұратұлы – полиция майоры, 19 км саяжайларының учаскелік полиция инспекторы;
Бақытбекұлы Берік – полиция майоры, Мерей ауылының учаскелік полиция инспекторы;
Гасанов Беграм Гусейнович – полиция капитаны, Жалпақсай ауылының учаскелік полиция инспекторы.
Дәріс барысында заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп, құқықтық сауаттылық, жеке қауіпсіздік және алаяқтықтың алдын алу тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, маңызды кеңестер берілді. Қызмет алушыларымыз өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған мазмұнды дәріс үшін полиция инспекторларына алғысымызды білдіреміз!

