Бүгін бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, Қаскелең Гуманитарлы-Техниникалық колледж ұжымы мен кәмелетке толған студенттер арасында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғамдық қатысу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат беріліп, түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, заңнамадағы жаңалықтардың күнделікті өмірге ықпалы түсіндірілді.

