Елімізде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған акция жүріп жатыр. Акцияның биылғы ұраны: «Өз мәртебеңді біл!».
Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Қарасай ауданының «Асыл Арман» тұрғын үй алабының тұрғындары мен медқызметкерлеріне арналған Ашық есік күнін өткізді.
Дәрігер-эпидемиолог Жаңыл Жұбанышева аймақ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың слайд-презентациясын ұсынып, науқанның мақсатын түсіндірді, қатысушыларды жедел тестілеуден өтуге шақырды.
Эпидемиолог көмекшісі О.Потуданская стигма және дискриминация, АИТВ-жұқпасының берілу жолдары, менингококококк инфекциясын диагностикалау әдістері туралы айтып берді, сондай-ақ МӘМС артықшылық-тарын әңгімеледі.
Іс-шараға «Оперейшн Мерси» қоғамдық қорының АИТВ/ЖИТС бойынша халықаралық жаттықтырушысы Қ.Ілиясова белсене қатысып, көпшілік сұрақтарына жауап берді.
Тұрғындар үшін 2000 ақпараттық-оқыту құралдары таратылып, 25 адам АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті.
Г. ТАУБАЙҚЫЗЫ,
облыстық ЖИТС орталығының баспасөз хатшысы.