Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). Арманы асқақ Аяла
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Арманы асқақ Аяла
10:45, 10 августа 2018

Арманы асқақ Аяла

Түркиядағы байқауда бас жүлдеге ие болды

Елімізде бірнеше жыл қатарынан «Тайжарыс» республикалық радиобайқауы өтіп келеді. Ондағы мақсат – өнерлі балалардың жұлдызын жағу, оларды Қазақ радиосы арқылы елімізге насихаттап, ең үздік балалар әндерін «Алтын қорда» сақтау.
6 мен 16 жас аралығындағы өнерпаздар қатысатын бұл ауқымды байқауда ауданымыздың кішкентай тұрғыны Аяла Тұрсынбекқызы да бақ сынаған болатын. «Талаптыға нұр жауар» дегендей, үш жасынан бастап ән айтуға құмартып жүрген кішкентай өнерпаз қатарынан оза шауып, жеңіс тұғырынан бір-ақ шықты! Бірнеше бөлімнен құралған сыннан сүрінбей өткен Аяла жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленіп келіп, байқау шарты бойынша Түркия елінің сахнасындағы ақтық сында Бас жүлдені қанжығасына байлаған еді. Себебі, оның балалықтың бал тілімен ерекше әр беріп, әсем дауысымен шырқаған «Домбыра», «Ризамын», «Аққу-арман», «Әке-ана» сияқты мағыналы да мәнді әндері қазылар алқасының көңілінен шықты.
Өзге елді жатсынбай, сахнасынан жасқанбай өнерге деген ыстық ықыласы мен ән айтуға деген шынайы сүйіспеншілігін дәлелдеген қаршадай қыз осылайша таудай талабын демеп, болашағына жарқын жол ашуды мақсат еткен ата-анасы Тұрсынбек пен Науатжанның, вокалдан сабақ беретін ұстазы Назиман апайының еңбектері мен үміттерін еш күмәнсіз ақтап шықты.
Осы тамыз айының 27-сінде жеті жасқа толған Аяланың, сонымен қатар, Алматыдағы К.Байсейітова атындағы музыка мектебіне түсіп отырған жайы бар. Яғни, ол өзінің бойындағы дарынын дамытып, өнер әлеміндегі орнын ойып тұрып алуды осы бастан мақсат етіп отыр. Редакциямызға арнайы келіп сұхбат берген кішкентай әншінің дәл бір үлкен адамдарша барлық сұрақтарымызға салмақпен жауап бергені сүйсінтті.
–Үйде таң атқаннан кеш батқанша ән айтып жүремін. Себебі, бұл маған өте ұнайды. Түркияда болған байқауда «Бас жүлдегер Аяла Тұрсынбекқызы!» дегенде қатты қуандым. Алдағы кезде тағы да осындай көп жетістікке жеткім келеді. Мен әкешім мен анашыма, үйдегі ағам мен тәтеме, сіңліме көп рахмет айтамын. Өйткені, олар мен үшін барлық жағдайды жасап, жеңіске жетуіме көп көмек көрсетті, – дейді кейіпкеріміз балалық пәк көңілмен.
Сөз соңында кішкентай Аялаға біз де талабың таусылмасын, басыңнан бағың таймасын, әрдайым Алланың назарында, бақыттың базарында жүр, дегіміз келеді.

Клара Көпбаева.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru