Қазір елімізде қоғамдық және саяси маңызы зор Қазақстан Республикасы Конституциясының ;аңа жобасын халық арасында кеңінен талқылау, сарапқа салу, өзара ой бөлісу мәселесі қызу қолға алынуда. Жаңа Конституция – жаңа кезең бастауы екені халқымызға сергек серпін туғызып, кемелді келешекке деген жаңаша көзқарастың ұстанымын көрсетіп отыр.
Аудандық ардагерлер және аудандық «Асыл ана» ұйымдары төрағалары мен төрайымдары бас қосқан бұл жиыны «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция құру жөніндегі республикалық үндеуге деген қолдаудың жарқын көрінісі болды. Осы тұрғыдан алғанда, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сағат Мәсімақынов Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасының ХІ бөлімнен тұратын 96 баптарын тиянақты түрде сарапқа салып, жан-жақты түсініктеме берді. Ол осы бағыт-бағдарда алдымыздағы 15 наурызда өтетін Референдум — бүкіл халықтың үні болып табылатынын егжей-тегжейлі айтып берді.
Сағат Ұлтарақұлы өз сөзінде: «Жаңа Конститутция – адамның құқықтары мен бостандықтарын, азаматтарлың болашағын қамтитын маңызды құжат. Оның ең басты рөлі – қоғамдық келісімді нығайту және елдің тұрақты дамуына негіз жасау. Жаңа заң жобасы негізінде Қазақстан халқы кеңесі құрылады. Ол Ұлттық құрылтай мен Ассамблея жұмыс істейтін алаңдарды біріктіріп, қоғамдық мүдделерді бір ортақ платформада дамытуға мүмкіндік береді. Бұл – ел бірлігін, тыныштығын әрі болашаққа деген сенімін арттыратын маңызды қадам. Байқағанымыздай, азаматтар жаңа жобаны қолдайды. Өйткені, жаңа Конститутция арқылы балаларымызға қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқықтық негіз жасап отырғанын негіз етіп алуға болады»,- деп жобаның бір бабынан ғана мысал келтірді. Сонымен қатар ол басқа баптардан да халықтың аса қажеті үшін жасалып отырған қанатты қамқорлықтарды тіліне тиек етіп, жаңа Конститутция құндылықтарын айырықша түрде көптің алдына көлденең тартты.
Жаңа Конститутция жобасын талқылау барысында Ұмтыл ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Әйіп Ысқақов, аудандық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Серік Расмұханбетов, Іргелі ауылдық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Қалиахмет Көшкінбаев, Шамалған ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Қанат Қатубаев, Бекболат ауылдық ардагерлер ұйымының төрағас Бақытжан Әлменбетов және тағы басқа да төрағалар мен төрайымдар сөйлеп, көкейлеріндегі көрікті ойларын ортаға салды.
Олардың басты бағыттары – Әділетті Қазақстан үшін – жаңа Коституция – жаңа кезең бастауы, бұл тарихи құжат халықтың тарихи таңдауы, адам капиталы – Конститутция жобасының басты басымдығы, аса маңызды құндылықтардан құпталып, құнтталған құжат, бұл өміріміздің Ата Заңы халық ұшін қашан да ардақты екенін осындай нақты дәлелдер бойынша сарапқа салып, олар референдумға дейін халық алдында нанымды насихат жұмыстарын жүргізетіндігін шынайы пейілдерімен білдірді. Аудан ардагерлерінің бұл басқосуы жаңа Конституцияға деген көзқарастың айқын да ашық көрінісі болғандығы бәрінен де қолдау тапты. Олар алдағы Референдумға белсене атсалысатындарына бекем екендіктерін айтты.
Қанат ТӘКЕБАЕВ,
Қаскелең қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
