Ғаламтордағы жалған әңгімелерге үндейтін ақпарат көздерінің салдарынан өзге мемлекеттен ілім іздеп, жалған ақпараттарға, өтірікке уланған қаншама жас жапа шегуде. Бұл кейінгі буынның мәдениетімізден, ділімізден безінуіне әкеп соқтыратыны сөзсіз. Жалпы айтқанда, кейбір теріс әңгімелердің, мәтіндердің дұрыс түсіндірілмей, теріс бұрмаланып жеткізілуі қоғам арасында түрлі алауыздыққа шақырады деп айтуға болады. Соның салдарынан келіспеушілік, араңдатушылық туып, соңы өкінішті жағдайға әкеліп соқтырады.
Санасы қалыптаспа-ған жастарға ғаламтор беттеріндегі жалған ақпараттар түрлі әлеуметтік желілер мен сан алуан кітаптар арқылы дәріптеліп жатады. Сондықтан бұл проблемаға немқұрайлы қарамай, шешу жолдарын іздеу уақыт талабы болып тұр. Кейбір жастар ғаламтор арқылы жарияланған басқа да өзекті мәліметтердің дұрыстығына көз жеткізбестен қабылдап, отбасы мүшелерінен теріс айналуда. Ғаламтордағы әртурлі сайттар адам санасын улап, өз идеологиясын тықпалайды. Осындай дүниелерден аулақ болу үшін ғаламторды ұстаз тұтып адасудан сақ болу қажет. Егер Сіз ғаламтордан қандай да бір сайттарды кездестірсеңіз, онда ол сайттың сенімділігіне көз жеткізіңіз. Оқылған ақпараттарды бірден көңілге тоқымаңыз. Ғаламторды қолданғанда келтірілген мәліметке бірден сене салуға болмайды.
Ғаламтордың арбауынан сақтану үшін тек дұрыс бағытта білім алу қажет. Ақпараттың дұрыстығына көз жеткізіп, білікті мамандардың кеңесіне жүгінген абзал. Біз қаншалықты сауатты бола білсек, соншалықты санамызды улаудан аулақ боламыз.
Айжан БАЛАЖАНОВА,
Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі.