Елімізде ұлттық халық санағы әр 10 жыл сайын өткізіледі. Биыл ол қырқүйек-қазан айларында өтеді деп жоспарлануда. Бұл санақ жүйесі барынша цифрлық форматта жүзеге асады. Дегенмен үйлерді аралайтын топтар да болады. Бұл жайында стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі осыған дейін хабарлаған болатын.
Ресми мәліметке сүйенсек, 1 қыркүйектен бастап 15 қазанға дейін ұлттық статистика бюросының арнайы сайты – sanaq.gov.kz ашылады. Соның көмегімен санақ аясындағы барлық сұраққа онлайн-режимде тәулік бойы ақпарат алуға болады. Азаматтар, орналасқан жеріне қарамастан, виртуалды көмекшінің көмегімен санақты өздері және отбасы мүшелері үшін сауалнамалар толтыру арқылы дербес аяқтай алады.
Дәстүрлі үздіксіз санақ онлайн-санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, арнайы мамандардың көмегімен 2021 жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін жүргізіледі.
Санақ жүргізушілер планшеттерді қолданады, бұл деректер сапасына адами фактордың әсерін барынша азайтады, ЖСН қолданып нақтылық деңгейін жоғарылатады және ақпараттың қайталануын болдырмайды. Планшетке арналған мобильді қосымша әзірленді, оның көмегімен сұхбат беруші барлық кіріктірілген арифметикалық және логикалық басқаруларды ескере отырып сауалнама жүргізе алады, жіктеуіштер мен анықтамалықтарды қолдана алады. Алынған деректер тікелей ортақ дерекқорға жіберіледі.
Өз тілшіміз.
2021 жылы Қазақстанда халық санағы жаңа тәсілмен – онлайн түрде жүргізіледі
Главная » [:ru]Новости[:kk]Жаңалықтар[:] » Общество » 2021 жылы Қазақстанда халық санағы жаңа тәсілмен – онлайн түрде жүргізіледі