Біздің жас кезімізде табиғаттың тазалығы өздігінен сақталатын, себебі адам табиғатпен үйлесімді өмір сүретін. Су көздері мөлдір, ормандар қалың, жан-жануарлар еркін тіршілік ететін. Бірақ, қазіргідей өркениеттің дамуы мен урбанизацияның қарқыны артқан уақытта табиғатқа қамқорлық ерекше маңызға ие болып отыр. «Таза Қазақстан» бастамасы — тек экологиялық науқан емес, бұл біздің табиғатқа деген көзқарасымызды өзгертуге арналған үлкен мүмкіндік.
Менің ойымша, тек сенбілікпен шектелмей, халық арасында табиғатты құрметтеуге шақыратын үздіксіз ағарту жұмыстарын жүргізу керек. Жастарға экологияның қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп, әркім өз іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін білуі қажет. Біз табиғатты қорғап, оны келер ұрпаққа таза әрі көркем күйінде жеткізу үшін бірігіп жұмыс істеуіміз керек.
Сағат МӘСІМАҚЫНОВ,
Қарасай аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы