Қарасай ауданы прокуратурасының бастамасымен «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында аудан мектептерінің 400-ге жуық сынып жетекшілері мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған ауқымды құқықтық түсіндіру кездесуі өтті.
Жиынның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мектептерде қауіпсіз орта қалыптастыру болды. Оның барысында қатысушылар профилактикалық жұмыстарды күшейтудің тиімді жолдарын талқылап, өзара тәжірибе алмасты.
Жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен дұрыс тәрбиесі – ортақ жауапкершілік екенін ұмытпайық.

