Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Қарасай аудандық апталық қоғамдық-саяси газеті / Карасайская районная еженедельная общественно-политическая газета
  • Негізгі
  • Жаңалықтар
  • Тарих
  • Архив (PDF)
  • Жарнама
  • Байланыстар
21 сентября, 2018
Главная » Жаңалықтар » Uncategorized »

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға!
Иә, адамның, тамырына қан жүгіртіп, бойына қуат бітірер күштің бірі – оның асқақ арманы. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең». Адам баласына ақыл-ой, сана, сезім деген ерекше қасиеттер бекер дарымаса керек.
Бала кезден қиялына қанат бітіріп биікті аңсаған бала Сұлтан да көп нәрсені армандаған. Соның дәлелі ретінде «Үшқоңыр» атты кітапта Елбасы өзінің балалық шағы туралы былай деген: «Бала кезімізде 5-6 сыныпта, құрлықтағы Шамалғанымызда құрдастарымызбен бәріміз бірге Шамалған деген шағын өзенімізден басқасы болмаса да, теңізді аңсап, теңізші болуды армандайтынбыз. Ән шырқайтынбыз, армандайтынбыз …» – десе, енді бірде «Бір қызығы – сол кезде менде бір құпия арман болды. Мұнар басқан көгілдір көп таулардың тым болмаса ең бергісінің шыңына бір шықсам шіркін деп көксейтінмін. Бұл асқақ арманның қай кезде пайда болғаны есімде жоқ. Бесте ме, әлде жеті жастамын ба? Бірақ көз арбаған әлгі шыңға он төрт жасымда табан тірегенім жадымда» дейді.
Балалықтың бал шағында көңіл көкжиегіндегі кіршіксіз оймен, әдемі қиялға беріліп, биік шыңдарды армандап, есейе келе арманын мақсатына айналдырған Елбасымыздың бүгінде ел тізгінін нық ұстап, елімізді әлем деңгейімен теңестіруі соның бір жарқын дәлелі іспеттес.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында мектеп оқушыларына «Елбасының асқақ арманы» туралы дәріс оқу шарасы өткізілді. Ізгі ойдан туындаған іс-шараның мақсаты өсіп келе жатқан жас буынға ой тастап, білім алу арқылы кез-келген шыңды бағындыруға болатынын ұғындыру.
Музейге келген әрбір жас жеткіншекке экспозициялық көрмемізде орналасқан Президенттің бала күнінде жеткен жетістігі мен бағындырған асуы, қызықтырып, алдыға қарай ұмтылуларына дем беріп қана қоймай, кеудесіне қайралған намыс пен асқақ армандардың отын тұтатар жәдігерлік заттар таныстырылады. Мектеп қабырғасында үздік оқығандығын көрсететін «оқушы табелінің» өзі балаларға, міне, осындай ой салады.
Орталығымызда «Рухани жаңғыру» аясында өтіп жатқан әр іс-шараның мақсаты – болашақ ұрпақтың санасына «рухани азық» сыйлау.
Бұлбұл НҰРБЕКОВА,
«Атамекен» тарихи-мәдени орталығының бас қор сақтаушысы.

сентября 21, 2018 naqtygazeti

Последние сообщения

  • Тазалық баршаға ортақ
    Тазалық баршаға ортақ24 августа, 2026
  • Заң талаптарын сақтай мәселесі талқыланды
    Заң талаптарын сақтай мәселесі талқыланды24 августа, 2026
  • 71,17% избирателей Алматинской области проголосовали на выборах в Курултай
    71,17% избирателей Алматинской области проголосовали на выборах в Курултай23 августа, 2026

Популярные сообщения

  • Тазалық баршаға ортақ
    Тазалық баршаға ортақ24 августа, 2026
  • Дом, где согревают сердца и вселяют надежду
    Дом, где согревают сердца и вселяют надежду16 января, 2017
  • Новая школа к Новому году
    Новая школа к Новому году16 января, 2017
← «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесі Қарасай жерінде көшпелі отырыс өткізді
Ескерткіштер – ел тарихы →

Написать ответ Cancel reply

Ваш email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Категории

  • Президент Жолдауы
  • Мемлекеттік қызмет
  • Цифрлы Қазақстан
  • Ресми бөлім
  • Қоғам
  • Балалар — бақытымыз
  • Заң және біз
  • Мәдениет
  • Жағымды жаңалық
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт
  • Бизнес
  • Ауыл шаруашылығы
  • Төтенше жағдай
  • Жұмыспен қамту
  • Экономика
  • Тазалық. Экология

Популярные новости

  • Тазалық баршаға ортақ
    Тазалық баршаға ортақ 24 августа, 2026
  • Барлық  іс  бақылауға  алынады
    Барлық іс бақылауға алынады 28 января, 2017
  • Баспасөз – 2017
    Баспасөз – 2017 25 января, 2017
  • Добро пожаловать на karasayinfo.kz!
    Добро пожаловать на karasayinfo.kz! 25 января, 2017
  • «Қалбибі»  өнер  студиясында
    «Қалбибі» өнер студиясында 20 января, 2017
  • Өнерімізді өрісті етіп,  мәдениетімізді өркендетейік
    Өнерімізді өрісті етіп, мәдениетімізді өркендетейік 20 января, 2017
  • Өндіріс  орындарын  аралады
    Өндіріс орындарын аралады 16 января, 2017
  • О  временной  регистрации  граждан
    О временной регистрации граждан 16 января, 2017
  • Новая школа к Новому году
    Новая школа к Новому году 16 января, 2017
  • Дом, где согревают сердца и вселяют надежду
    Дом, где согревают сердца и вселяют надежду 16 января, 2017

Напишите нам

Ваше сообщение было успешно отправлено. Спасибо!



  



Контакты

+7 (727) 307-95-02

+7 (72771) 2-55-41

zgazeta*mail.ru

ул. Бейсебаева, 96

г. Каскелен, Карасайский район. 040900

Мы на карте

Последние новости

  • Тазалық баршаға ортақ
    Тазалық баршаға ортақ 24 августа, 2026
  • Заң талаптарын сақтай мәселесі талқыланды
    Заң талаптарын сақтай мәселесі талқыланды 24 августа, 2026
  • 71,17% избирателей Алматинской области проголосовали на выборах в Курултай
    71,17% избирателей Алматинской области проголосовали на выборах в Курултай 23 августа, 2026
  • Алматы облысының қарттары Құрылтай сайлауына белсенді қатысты
    Алматы облысының қарттары Құрылтай сайлауына белсенді қатысты 23 августа, 2026
  • Герои фильма «Ангел в тюбетейке» на избирательном участке
    Герои фильма «Ангел в тюбетейке» на избирательном участке 23 августа, 2026
  • Подписка на газету
  • Правила использования материалов
  • Архив (PDF)
Copyright © 2016-2022 Naqtygazeti.kz.