Конституцияның бірінші және екінші баптарында бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Бірінші бөлімнің атауы «Жалпы ережелер» деп аталса, енді ол «Конституциялық құрылымның негіздері» болып өзгерді. Сонымен бірге, бірінші баптан қызмет қағидаттары туралы тармақ алынып тасталды, ал екінші баптан Астанадағы қаржы саласындағы ерекше құқықтық режимге қатысты норма жойылды. Дегенмен, Қазақстан Республикасының егемендігі, тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару …
Жаңа редакциядағы преамбула «Біз, біртұтас Қазақстан халқы» деген сөзбен басталады, ал бұрынғы нұсқада «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деп жазылған еді. Жаңа нұсқада құндылықтар мен бағдарлар егжей-тегжейлі сипатталған: мемлекет болу, Ұлы Дала тарихы, «Заң мен Тәртіп» қағидаты, азаматтың құқығы мен бостандығы, бірлік пен ынтымақ, этносаралық келісім, мәдениет, білім, ғылым, инновациялар және табиғатты аялау …
Жаңа Конституция жобасында некеге қатысты өзгерістер отбасылық қатынастардың мәнін нақтылап, құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Енді неке «ер мен әйелдің арасындағы заңды түрде тіркелген, ерікті әрі тең құқықты одақ» деп сипатталады, бұл отбасыдағы теңдікті ерекше көрсетеді. Сонымен бірге, балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың құқықтары мен міндеті болып қала береді, ал кәмелетке толған, еңбекке …
Азаматтардың табиғатты қорғауға міндетті болуы – қоғамдағы экологиялық жауапкершілікті арттырады. Енді әрбір адам табиғатты сақтауға, табиғи байлыққа қамқорлықпен қарауға міндетті екенін түсінеді. Бұл өзгеріс тек жеке адамдардың емес, бүкіл қоғамның қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану мен қалпына келтіру іс-шараларын ынталандырады. Сонымен қатар, бұл тұрақты дамуға бағытталған мемлекеттік саясатты қолдайды және ұрпаққа …
Бұл өзгеріс азаматтардың құқықтық көмекті алу тәртібін нақтылайтын маңызды қадам деп саналады. Бұрынғы норма бойынша әркім тегін заң көмегін ала алса, жаңа жобада бұл құқық тек азаматтың өзіне заңгер жалдауға мүмкіндігі жоқ жағдайда ғана беріледі. Яғни, құқықтық көмектің кепілдік сипаттағы жалпы қағидасы белгілі бір шектеуге ұшырап, мемлекеттік ресурстардың тиімді пайдаланылуына басымдық беріледі. Сонымен бірге, бұл …
Жаңа жобада адам құқығы мен бостандығын шектеу жағдайлары нақты көрсетілуі маңызды жетістік деп ойлаймын. Енді әрбір адамның құқығы мен бостандығы басқа адамдардың құқықтарын бұзбауға, қоғамдық тәртіпті сақтауына, азаматтардың денсаулығына және қоғамның адамгершілік қағидаларына сәйкес болуына тиіс. Бұл өзгеріс құқықтық нормаларды нақтылап, қоғамдағы жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті күшейтеді. Бұрынғы Конституцияда мұндай норма болмағандықтан, жаңа редакция азаматтар …
Жаңа жобада 12-бапта көрсетілгендей, егер азаматтың басқа мемлекеттің азаматтығы болса, Қазақстан азаматтығы тоқтатылады. Бұл норма азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігін нақтылай отырып, Қазақстан Республикасына деген саяси және құқықтық адалдықты күшейтуге бағытталған. Бір азаматтық қағидатын бекіту елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайтып, азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық байланысты айқындайды. Сонымен қатар, бұл азаматтық құқық пен міндеттердің жүйелілігін қамтамасыз етіп, …
Бұл өзгерістер Конституцияның мәнін нақтылап, мемлекеттің іргелі қағидаттарын күшейтуге бағытталған деп ойлаймын. «Конституциялық құрылымның негіздері» атауы мемлекеттіліктің басты тұғырларын айқынырақ көрсетеді. Ал егемендік, тәуелсіздік, унитарлық, аумақтық тұтастық пен басқару формасының өзгермейтіні туралы норманың енгізілуі Қазақстанның тұрақтылығы мен саяси тұтастығын нығайта түседі. Амангелді Шәріпқұлов, Әйтей ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы.
Биыл Қазақстандық жеке құрамдағы «Атқыштар батальонының» Тәжік–Ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толып отыр. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысына сәйкес елімізден 500 сарбаздан құралған атқыштар батальоны ТМД-ның сыртқы шекарасын қорғау мақсатында құрылды. Сол сарбаздардың қатарында Қарасай ауданынан шыққан азаматтар да Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Бүгін Қаскелең қаласында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында …
Алматы облысында 2026 жылға көктемгі дала жұмыстарын үйлестіру үшін жүйелі шаралар қабылдануда. Облыста биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 436,0 мың гектар алқапқа егіледі. Аталған деректі, облыстық ауыл шауашылығы басқарма басшысының орынбасары Еркінбек Дауткулов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Биылғы жылы дақылдардың 53 пайызы суармалы егіс алқабына себіледі. Сәйкесінше, жүгері алқабы 52,6 мың гектарға дейін ұлғайса, майлы дақылдар 24,4 …
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)









