Өткен аптада Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қарасай ауданына іс-сапармен келіп, аудан орталығында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстармен танысты. Соның ішінде Қаскелең қаласындағы Абылай хан көшесінің бойында жүріп жатқан абаттандыру барысымен танысып, мердігерлерге нақты тапсырмалар жүктеді. «Біздің тараптан қолдау бар, ал сіздердің тараптарыңыздан жұмыстың сапасы мен уақытылы аяқталуы талап етіледі. Тұрғындардың ұсынысын тыңдап, жұмыстарды дұрыс үйлестіріңіздер», …

