Тәуелсіздік күніне қарсаңында аудандық орталық аурухананың кәсіподақ ұйымының қолдауымен осы мекемеде мерекелік шара ұйымдастырылды. Ұлық мерекеге орай ауданның бас дәрігері Ербол Сәрсенбаев әріптестерін шын жүректен құттықтап, аудандағы бірқатар медицина қызметкерлерін марапаттады. Атап айтар болсақ, республика көлеміндегі «Алтын дәрігер» төсбелгісі №4 учаскенің дәрігері Забира Слямоваға, орта буын медицина қызметкерлеріне арналған «Мейірім» марапаты Майрамгүл Дабыловаға тапсырды. Ал, …
Жуырда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты басқосу өтті. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов ашқан мерекелік жиынға аудандық партия филиалының саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, партияның белсенділері, бастауыш партия ұйымының төрағалары және «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты. Алдымен Қаныбек Құлжабайұлы мерекемен жиналғандарды шын жүректен құттықтап, басты құндылықтарымыз …
Еліміздің ұлық мерекесі қарсаңында желтоқсан айының он екісі күні Қаскелең қаласының дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар белсенділер қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егемен ел болған күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан …
Абай Құнанбаев өзінің поэзиясымен қазақтың көркем сөзін шырқау биігіне көтерген, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруға зор еңбек сіңірген. Өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы мен ұлттық ерекшелік қасиеттері көрінетін ұлы Абай атамыздың туғанына келер жылы 175 жыл толғалы отыр. Осы ретте жақында, яғни, желтоқсан айының 11-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы …
Жеті атасын біліп өсу – түп тамырлы тарихын танытатын тектіліктің кепілі. Мұны әр қазақтың баласы санасына сіңіріп, дәстүрінің даңғыл жолынан жаңылыспай, әулетінің шежіресінен хабардар болу керек деп білеміз. Қазіргі жаһандану дәуірінде осындай тәрбиеліктің тұтқасы саналатын, өз жұртын жақын тануды насихаттайтын игі шаралардың өткізілуі некен-саяқ болып көрінгенімен, танымды тақырыптың төңірегінде атқарылып атқан жұмыстардың бар екені жасырын …
Жуырда аудандық кітапханада аймақ тарихындағы тұлғаларды, ақын-жазушыларды, еңбек адамдарын келер ұрпаққа таныстырып, мұра етіп қалдыруға зор үлес қосқан Үсенбай Тастанбековты еске алуға арналған «Өшпестей із қалдырған дана да дара тұлға» атты шара ұйымдастырылды. Өзі өмірден өткенімен артында өшпестей із қалдырған азаматтарымыз аз болмаған. Әсіресе, шәкірт тәрбиелеумен қатар өңірдің дамуы үшін қажырлы еңбек еткен, қызмет барысында …
1986 жылы қазақ жастары бұрынғы Кеңестік социалистік республикалар одағында, тіпті, одан да тыс жерлерде бірінші болып әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы бас көтеріп, Алаңға шықты. Бұл сол кездегі кейін жер-жерде орын алған демократиялық дүмпудің алғашқысы еді. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарамастан, қазақтың өрімдей жас жігіттері мен қыздары биліктің бұра тартқанына шыдамай көтеріліс жасап, әр ұлттың өз таңдауы …
Өздеріңізге мәлім болғандай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын ұсынған болатын. Оның басты міндеттері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерімен сәйкес келетінін де айта кеткен жөн. Бұл оның өзі қабылдаған шешімдерінің жүйелілігін және олар үшін нақты жауапкершілікті сезінетіндігін көрсетеді. 2019 жыл Қазақстан қоғамының өткір …
Жуырда аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып, онда бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Кеңес төрағасы Сағат Мәсімақынов күн тәртібін хабарлаған соң, алғашқы сөзді аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Асхат Тегебаевқа берді. «Қарасай ауданы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің 2019 жылда ауданда криминогендік жағдайды болдырмау мақсатында атқарған жұмыстары туралы» есеп берген Асхат Жайықұлы …
В своем Послании «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана» Глава государства Касым-Жомарт Токаев сделал акцент на эффективное развитие малого и среднего бизнеса как прочной основы для дальнейшего процветания города и села. По поручению Главы государства с 1 января 2020 года субъекты микро- и малого бизнеса, применяющие специальные налоговые режимы, будут освобождены от …