Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтіп, Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Алдыңғы кезекте Президент депутаттардың атқарған жұмыстарын жоғары бағалады. Олардың көптеген заң жобасына бастамашылық етіп, өзекті мәселелерді батыл көтеріп, жаз айында елді мекендерді аралап, тұрғындардыдың тыныс тіршілігімен танысып, белсенділік танытқандарына шынайы ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы бұл жолғы Жолдауын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деген тақырыппен жариялап отыр. Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болғандығына тоқталып, еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуы тиіс екендігін атап айтты. Яғни, ол еліміздегі ірі кәсіпорындарды барынша қолдау керектігін жеткізді. Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі жақсы дамығаны баршаға белгілі. Осы сала ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін сенімді табыс көзі болып келеді. Президент Үкіметке кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажетілігін тапсырды. Сондықтан ол ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауды тапсырды. Сонымен қатар, Президент өңдеу саласындағы инвесторларды алғашқы 3 жылда салықтан босатуды ұсынды.
Оған қоса, Мемлекет басшысы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жалпы санын кем дегенде 20 пайызға азайту керектігін тапсырды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында, мемлекеттік институттарды дамыту үшін нақты бағыттарды айқындап берді. Бұл өз кезегінде, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететініне сенімдіміз. Осы орайда, бағдарламалардың нәтижелері жастарға, әсіресе жұмыссыз жастарымызға қолдау көрсетіліп, олардың өздерін экономиканың бір бөлігі ретінде сезінулеріне мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Жолдауда айқындалған бағыттарды жүзеге асыру үшін, Үкіметке алда талай істер күтіп тұрғанын сезінген жөн. Осыған байланысты халықпен диалог орната отырып, проблемаларды бірлесіп шешу, нақты нәтижелерге қол жеткізетініне деген ойдамын.
Нұрбол БЕРІКБОЛҰЛЫ,
Қарасай аудандық мәслихат депутаты,
«ПК АЛТЫН ТАҒА» ЖШС-нің директоры