Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес VIII сайланған Парламенттің екінші сессиясының отырысында 2023 жылғы 1 қыркүйекте Жолдауында сөз сөйлеп, онда: түйінді міндеттер мен шешуші шараларды атап өтті:
-Саяси реформаларды терең және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен үйлестіру.
— ЖІӨ-ні 2029 жылға қарай 450 млрд. долларға дейін жеткізу арқылы екі есеге арттыру.
— Үкіметке қажетті экономикалық шешімдер қабылдауда толық дербестік беру.
— Экономиканың нақты секторын кредиттеудің жыл сайынғы өсімін 20 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету.
— 20 жаңа су қоймасын салу.
— 4000 шақырымнан астам автожолдарды қайта жаңарту.
— 2026 жылға қарай IT-қызметтердің экспортын 1 млрд долларға дейін жеткізу.
— Еуразия құрлығының жетекші агроөнеркәсіптік орталықтарының біріне айналу.
— АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу.
— Аудан әкімдеріне бюджетті дербес қалыптастыру құқығын беру.
— 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңгеге дейін арттырылсын.
Президенттің айтуынша, жоспарланған реформалардың басты мақсаты — 2029 жылға қарай Ұлттық экономика көлемін екі есеге-450 млрд долларға дейін ұлғайту үшін 6-7 пайыз деңгейінде Тұрақты экономикалық өсу. президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің кезекті сессиясы ашылған күні халыққа жолдауында осындай міндет қойды
Мемлекет басшысының бұл Жолдауы Қарасай аудандық полиция Басқармасының жеке құрамына жеткізілді.