Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасардың «Жетісу – жүрегімде» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Айтулы шығармашылық шара жарты ғасырдан астам уақыт «Хабар» телеарнасында елеулі еңбек етіп, көгілдір экран арқылы жаңалықтарға жаршы болып, жетісулықтардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, ардагер журналист Тілеуқабыл Үсенұлының құрметті демалысқа шығуына байланысты ұйымдастырылған. Белікті журналисттің мерейтойына орай ұйымдастырылған шығармашылық кештің шымылдығы Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы құттықтау сөзімен ашылды. Ізгі тілегін жеткізген облыс басшысы бұқара мен билік арасындағы алтын көпірлік міндетін адал атқарған журналистке шапан жауып, халық алдындағы мәртебесін тағы бір асқақтатты. Кеш барысында ардагер журналистің жақында ғана жарық көрген «Хабар-аға және оның қалжыңдары» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. Басылымға автордың ел аузында жұрген әзіл әңгімелері мен үзеңгілес достарының, шәкірттерінің Тілеуқабыл аға жайлы ой толғамдары енгізілген.
Тележурналистиканың тарланы Тілеуқабыл Мыңжасардың телевизия саласында еңбек етіп, тер төкеніне биыл 44 жыл. Соның 21 жылында Алматы облысында меншікті тілші болып, 10 мыңнан астам сюжет жасаған. Жетісу жеріне «Хабар-аға» болып танылған белгілі тілші Қазақстан Республикасы Президенті Грантының иегері, Қазақстан Журналистер одағы мен «Нұрсұңқар» сыйлықтарының лауреаты, Алматы облысының Құрметті азаматы атағына да ие болған.
Кеш барысында «Хабар» Агенттігі Алматы филиалының шеф-редакторы Қымбат Хангельдина ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абайдың арнайы «Алғыс хатын» тапсырды. Өз кезегінде сөз алған Тілеуқабыл Үсенұлы шығармашылық кешіне жиналған көпшілікке алғысын жеткізіп, азды-кем еңбек жолынан сыр шертті.
– Мінеки, 25 жылдай «Хабар» Агенттігіне аянбай қызмет жасадым. «Хабарды» танытуға атсалыстым. Ал, «Хабар» маған үлкен абырой әперді. Енді міне, өзімнің қызметтік міндетімді аяқтап жатқан тұста осы елге бір рахметімді айтып, халықпен қауышып, пікір алмасып, әңгімелесейік деген ниетпен осы кездесуді ұйымдастырып отырмыз. Сондықтан мен бұл кештің атын «Жетісу – жүрегімде» деп атауды жөн көрдім, – дейді ардагер журналист.
Жалпы, осы шығармашылық кештің өтуіне атсалсысып, қолдау білдірген Алматы облысының әкімідігі екенін де айта кеткен жөн.