Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ өзге де заңдарда көзделген, заңда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлықпен байланысты немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттер. Сыбайлас жемқорлық – мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін Қазақстанның қауіпсіздігіне жүйелі қатер.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр салада жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күні Қазақстандағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық – бірден тарайтын дерт.
Сыбайлас жемқорлық ел экономикасына үлкен зиян келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына да айтарлықтай кері әсерін тигізеді. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі, онымен күресу мемлекет үшін басымдық болып табылады. Елімізде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылуда.
2015 жылғы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органның басшылары мен қызметкерлерінің, ел азаматтарының міндеті екендігі атап өтілді. Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңда, сондай-ақ өзге де заңдарда көзделген, заңда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлықпен байланысты немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттер.
Біздің қоғамда жемқорлыққа орын жоқ. Бұл құбылысқа қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, оны тоқтатудың барлық тәсілдерін пайдаланғанда ғана тиімді тойтарыс беруге болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстан Республикасының барша азаматтарының азаматтық борышы деп қарау керек.
Мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға бой алдырмай, қоғам мен халыққа адал қызмет етеді, қызметтік этиканы сақтайды.
Қарасай ауданының полиция басқармасы