Ауданымыздың 30-дан астам волонтерлері Қаскелең қаласы, Шамалған, Жандосов ауылдық округтерінде, елімізде алғаш пайда болған «Egov жаршысы» атты еріктілер қозғалысы жобасының бағыт-бағдарын түсіндіру бойынша, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, жоғарыда аталған жоба ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен, облыстық әкімдік пен жастар саясаты мәселелері басқармасының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының қолдауымен іске асырылды. Ол электрондық үкімет порталы және мобильдік қосымшалар арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша халықтың сандық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Осы ретте қарасайлық еріктілер бірнеше күн бойы ауданы-мыздың әр аймағында аталмыш жобаның тиімділігі мен оны қалай қолдануға болатындығын түсіндіру бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп, нұсқаулықтар таратуда.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.