Желтоқсан желі тоңдырды мені,
Тоңдырды сені ызғары,
– деген ән жолдарының арқауына айналған 16 желтоқсан ата-бабаларымыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа бір биік белеске көтерген күн. Иә, Тәуелсіздік күні ең алғаш 1991 жылы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған конституциялық заңнан бастау алды. Тәуелсіздік 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде Алаңға шыққан жастардың күш-қайраты мен ерік-жігерінің арқасы, сондай-ақ, барша қазақстандықтардың арман-мақсатының орындалып салтанат құруы болды.
Тәуелсіздік елдің ең басты алтын тұғыры, ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері мен қоғамдық санасы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр.
Елбасының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем жұртшылығы таныды. Алдымен Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі қазақ елінің дүние жүзі қоғамдастығы алдындағы беделін биіктете түсті. Ең бастысы Мемлекет басшысы нақтылаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай іс жүзіне асып келеді.
Тәуелсіздік ұлттық мемлекеттің тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Еліміздің негізгі мемлекеттік мақсаты – конституциямызбен бекітілген. Онда «Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Ата заңымыздың арқасында еліміз демократиялық дамудың даңғыл жолына түсті. Ал, 1896 жылғы 17-18 желтоқсан аралығында Алматыда болған Желтоқсан көтерілісі – қазақ жастарының КСРО өкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бұл бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқының тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Соған сай Желтоқсанға арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі биік тұғырдан орын алды. Еліміз өз тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде көптеген жинақтар мен кітаптар шығарылды, «Аллажар», «Қызғыш құс» атты кинофильмдер түсірілді.
Тәу етер Тәуелсіздігіміз құтты болсын, жерлестер!
Елдос МҰҚАТАЕВ,
Бірінші Май ауылдық округінің әкімі.