2025 жылдың 12 наурызында ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Алматы және Алматы облысында ҰҚК Шекара қызметі қатарына «Көктем-2025» шақырылымының жас сарбаздарды салтанатты жөнелту рәсімі өтті. Іс-шараға ата-аналар, департаменттің және ардагерлер қатысып, сарбаздарға ақ жол тіледі. Жылы әрі толғанысқа толы сәтте жас шекарашылар аталар аманатын қабыл алып, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.