Таяуда ғана жарияланған Елбасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінде халыққа қажетті, ең маңызды мәселелер көтеріліп, барша қазақстандықтардың қолдауына ие болды.
Өз еңбек жолымды жаңадан бастап, жас маман ретінде қызмет істеп жүргендіктен, маған Президенттің «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты бірінші бастамасы өте ұнады.
Жалпы, мен осы жылда отбасылы болуды жоспарлаудамын. Ең алғашында ата-анаммен үй салуды бастағанда, бізге пайызы жоғары несиелерді алуға тура келген. Бұдан бөлек, ол кезде менімен қоса санағанда үйде ақылы оқитын екі студент едік. Енді, міне, университетті аяқтап, жұмыс істеп, барлығы біршама өзгерді. Ал, өзімнің жас отбасы ретіндегі үйлі болу мәселемді, мен Елбасының «7-20-25» бағдарламасы арқылы шешуді жоспарлаудамын. Онда, енді пайыздық үстемақысы 14 емес, 7 пайызға төмендеген. Ал, несиелеу мерзімі 25 жылға дейін ұзарған. Ең бастысы, менің отбасым ортақ табысты біреудің қолына бермей, керісінше, өз үйіміздің құнын төлеуге жұмсағанын қалаймын.
Мен Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлына осындай нақты қамқорлығы үшін үлкен алғысымды білдіремін!
Абылай МАНАБАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының
есеп және статистика секторының меңгерушісі.