Ауылдың әлеуетін арттыру үшін бірқатар мамандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қолдау көрсетіп келеді. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің хабарлауынша, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер енгізілген. Аталған өзгерістермен http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020751 сілтемесі арқылы танысуға болады.
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.