Жақсылықты жанына жолдас қылған аудандық мәслихат депутаттарының арасында Жалғасхан Донбаев та бар. Өткен аптада оның «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында өткізген қабылдауына бірнеше ана келіп, өздерінің мұң-мұқтажын жеткізіп, көмек сұраған еді. Тұрғындармен болған бұл кездесу партияның «Халыққа көмек» жобасы аясында өткізілгенін айта кеткен жөн.
«Жақсыға сөз батады» дегендей, аналар қауымы жеке басының және отбасылық жағдайларын Жалғасхан Серікұлына ашып айтып, қандай қолдаудың қажет екенін де түсіндірді. Әрбірінің өтініштерін тыңдаған ауданның жас депутаты оларға қатысты өзінің ойын білдіріп,мәселелерін бірден шешіп берді.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапы аудандық мәслихат депутатының осындай жомарттық пейіліне, кішіпейілділігіне риза болып, алғыстарын жеткізді.
Өз тілшіміз.