Осы аптада аудандық мәслихаттың хатшысы Айтбай Көшкімбаев пен «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат аудан орталығы жанындағы Әйтей ауылына барып, сондағы жаңадан салынып жатқан 1200 орындық, жобалық құны 3,5 млрд. теңгелік мектеп құрылысын аралап көрді, атқарылып жатқан жұмыстармен жан-жақты танысты.
Бұл ретте бірге жүрген аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жарас Қатубаев іс барысын анықтап айтып берді.
Аудандық мәслихат хатшысы құрылыстын сапалы жүруін басты назарда ұстау керектігіне назар аударды.
Сонымен қатар, Айтбай Жексембайұлы мен Ақшолпан Қайратқызы аталған елді мекендегі Б.Қосынов атындағы орта мектепте де болып, аталған білім ұясының жұмысына, оқушылардың жағдайына ден қойды.
Өз тілшіміз.