Жуырда облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кезекті отырысында алдағы жылыту маусымына дайындықтың кеңінен сөз болғаны белгілі.
Жиында күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша осы салаға жауапты басшылар есеп беріп, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстары жайында жан-жақты баяндады.
Облыс басшысы осы орайда бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Аталған әкімдік отырысының соңында 2018-2019 жылдағы жылыту маусымының жақсы өтуіне үлес қосқан бірқатар коммуналдық сала қызметкерлері марапатталды.
Оларға облыс әкімінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары, бағалы сыйлықтары тапсырылды.
Біздің Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Ермекұлы Далабаевқа ІІ орын үшін көктемде көше жуатын, қыста қар тазалайтын коммуналдық жол техникасы болып саналатын «КамАЗ» жүк көлігінің кілті берілді.
Өз тілшіміз.