Бүгінгі жасампаздықтың жарқын көрінісіне айналған өркениетті өмірімізде қоғамдық ұйымдардың үлкен қозғаушы күш екеніне анық та айқын көзіміз жетіп келеді. Халықтың ынтымағы мен бірлігін, ұлттың тұтастығын тұғырында ұстауда және халықтың алдында кездесіп отырған кедергілер мен келелі проблемаларды шешуде бұл ұйымдардың белсенділігі және атқарып жатқан жұмыстары айтулы-ақ. Олардың жүйелі түрдегі жұмыстарын халық та орынды бағалап келеді. Сондай бетке ұстар беделді ұйымдардың санатында ардагерлер және аналар ұйымдары екенін тереңнен сезіне білетін еліміздің мемлекеттік жүйелері мен тиісті орындары оларға қолдау көрсетуден ешқашан да шет қалған емес. Осынау ұйымдардың қатарына Қарасай аудандық ардагерлер ұйымын толығынан жатқызуға болады. Бүгінгі жасампаздықтың жарқын көрінісіне айналған өркениетті өмірімізде қоғамдық ұйымдардың үлкен қозғаушы күш екеніне анық та айқын көзіміз жетіп келеді. Халықтың ынтымағы мен бірлігін, ұлттың тұтастығын тұғырында ұстауда және халықтың алдында кездесіп отырған кедергілер мен келелі проблемаларды шешуде бұл ұйымдардың белсенділігі және атқарып жатқан жұмыстары айтулы-ақ. Олардың жүйелі түрдегі жұмыстарын халық та орынды бағалап келеді. Сондай бетке ұстар беделді ұйымдардың санатында ардагерлер және аналар ұйымдары екенін тереңнен сезіне білетін еліміздің мемлекеттік жүйелері мен тиісті орындары оларға қолдау көрсетуден ешқашан да шет қалған емес. Осынау ұйымдардың қатарына Қарасай аудандық ардагерлер ұйымын толығынан жатқызуға болады.
Ұтымды жұмыстар ұйымдастыруды, орын алып отырған олқылықтарды орнына қоюда, халықтың мүддесін ойластыруда бұл ұйымның ересен еңбегі бар екенін ешкім де жоққа шығара алмайды. Бұл жұмысқа еңбекақысыз келген еріктілер өмірден көргендері мен көңілдеріне түйгендері көп, 65 пен 90 жасқа таяп қалған ардагерлер мен ардақты аналар. Оларды әділдік пен адамдық тұрғысынан жұмыс істеп жатыр деп айтуға болады. Халық та олар жайлы қалт айтып көрген емес.
Халық көп шоғырланған Қарасай аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сағат Мәсімақынов жақында аталған ұйымның жыл ішінде атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталып, көпшілік алдында сарапқа салып берді. Қазіргі уақытта ауданда бір қалалық және он ауылдық округ ардагерлер мен «Асыл аналар» ұйымдары тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Мұның сыртында ауылдық округтерге қарасты барлық ауылдарда да 55 ауылдық ардагерлер және «Асыл аналар» ұйымдары жұдырықтай жұмылып, ұтқырлы ұйымшылдық тұрғысынан жұмыс істеп жатқандарының өзі де атап айтуға тұрарлық. Сағат Ұлтарақұлы олардың игілікті істеріне де кеңінен талдау жасап, лайықты бағасын берді.
Сол сияқты ардагерлер ұйымдарында бүгінгі күні бірде-бір Ұлы Отан соғысының ардагерлері жоқ. Алайда соғыс ардагерлерінің 14 жесірі, 312 тыл ардагері, Ленинград блокадасына қатысқандардан бір, Чернобыль апатына қатысқандардан 62, аудан аумағынан 30 114 зейнеткер есепте тұрады. Бұларды ардагерлер ұйымдары жыл сайын қатаң қадағалап, бас-аяғын түгендеп отырады. Әттең, өмір болған соң, өзгеріс те болмай қоймайды ғой. Жыл сайын осылардың қатары азайып бара жатқандығы арқаға аяздай батады. Дегенмен, өмір заңдылығына ешкім де тосқауыл қоя алмайды. Олардың көзі тірілеріне лайықты құрмет көрсетуді ардагерлер ұйымдары өздерінің басты парызы санайды.
Жыл басынан бері аталған ұйымдар Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойын заманауи талап деңгейінде өткізу үшін мақсатты түрде жоспарлар жасап, іс жүзіне асыруды өздерінің басты міндеті деп қабылдады. Осыған орай аудан көлемінде Жеңіс күні мерекесінің қарсаңында небір игілікті іс-шаралар ізет пен құрмет барысында қолға алынып, халықтың жүрегінен жол тапты. Мәселен, аудан аумағында Ұлы Отан соғысынан қайтпай қалған және бейбіт өмірге белсене араласқан, кейіннен қайтыс болып кеткен ардагерлер ескерткіштерін күтімге алу, қайта жөндеу, айналасын тазалау жұмыстары «Алатау жастары» ұйымына тапсырылып, олар бұл міндетті ойдағыдай орындап шықты. Олар «Жастар тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы» атты кең көлемді конференция өткізіп, жастарды жалынды істерімен көрінуге дем беріп, олардың бойларына жігер мен құлшыныс туғызды.
Осы жылдың ішінде ауданда облыстық ардагерлер ұйымының нұсқауымен жаңадан «Асыл аналар» ұйымы құрылып, оның төрайымы болып, бар өмірін оқу-ағарту саласына арнаған ұлағатты ұстаз Ұлтусын Бархинова тағайындалды. Содан бері бұл ұйым ауызға алуға тұрарлық біраз жұмыстарды іс жүзіне асырып үлгерді. Жоғарыда аталып өткен, бүгінгі күннің ескірмес тақырыбына айналған «Жастар тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы» аясында аудандық кітапханада С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі студенттерімен және барлық округ жастарымен бас қосқан мәні мен маңызы зор үлкен жиын өткізді. Онда тарихы терең Ұлы Жеңістің қатпарлы қалың парақтарын ашып, Отан үшін қан төккен майдангерлердің естен кетпес ерліктері әңгіме арқауына айналды.
Ең бір ерекшелеп айтатын жайт, Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Ленинград блокадасына қытысқан көзі тірі Зинайда Суханованың үйіне ардагерлер ұйымы барып, Ленинград қаласы губернаторының арнайы жіберген құттықтау телеграммасын беріп, оған ұйым атынан азық-түлік жағынан айтарлықтай сый-сияпат жасады. Сондай-ақ азық-түлік жағынан 99 жасқа келген Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі Құндызай Көлбаеваға, 100 жасқа келген тыл ардагері Сәлима Бұлғақбаеваға және 28 тыл еңбеккерлеріне көп-көрім көмектер көрсетілді.
Аудан әкімдігі де соғыс және тыл ардагерлеріне қолғабыс беру жағынан тыс қала қоймады. Олар мәңгілік бақилыққа кеткендердің құрметіне арнап ақ дастархан жайып, Құран бағыштап, рухтарына тағзым етті. Сонымен қатар Үсенбай Тастанбековтің және Сейітхан Исаевтың аттарына арнайы түрде, салтанатты жағдайда көшелер берілді. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысып, одан кейін бейбіт өмірдің берекесін арттырған, облыстағы біраз аудандарды басқарған, қайраткер тұлға Рақымжан Мақашевтың атындағы көшедегі ғимараттың қабырғасына батыр атамыздың аты-жөні жазылған ескерткіш тақта орнатылды. Сол сияқты Қарасай батыр атындағы көше бойындағы көп қабатты зәулім үйдің бір қабырғасына тұтастай Бауыржан Момышұлының портреті салынып, оның ашылу рәсімі салтанатты жағдайда өтті.
«Асыл аналар» ұйымы аудандағы Мансап орталығымен және Әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тығыз қарым-қатынас орнатып, едәуір жұмыстарды жүзеге асырды. Атап айтар болсақ, соғыс ардагерлерінің 14 жесірінің әрқайсысына 58 980 теңгеден, барлығы 5 308 200 теңге қаражат берілді. Ал, Египет соғысына қатысқан 1 ардагерге 196 600 теңге, барлығы 19 463 400 теңге арнаулы көмек көрсетілді. Сонымен қатар Тәжік-Ауған соғысының 99 ардагерінің әрқайсысына 196 660 теңгеден қаражат берілгенін атап айтуымыз керек. Мұндай көмектер жоғарыдағы ақшалай көмек мөлшерінде Таулы Қарабақ соғысына қатысқан 39 ардагерге, Чернобыль апатына қатысқан 62 адамға да берілді. Мұның бәріне мұрындық болған аудандық ардагерлер ұйымы екенін атап өтуге болады.
Сағат Ұлтарақұлы жыл ішінде ардагерлер ұйымында кең көлемді 10 отырыстың өткізілгенін, ауылдық округтерде 4 отырыстың болып өткенін қадап тұрып айтты. Өткен отырыстардың бәрі де бүгінгі күннің өзекті мәселелері екеніне жеке-жеке тоқталып, басынан аяғына дейін түсіндіріп өтті. Осы бағытта жыл басында құрылған «Алатау жастары» ұйымының да салғырттықтан бойларын аулақ ұстап, ұтқыр жұмыстарымен көзге түсіп келе жатқанын нақты дәлелдер бойынша көпшіліктің алдына көлденең тартты. Расында да, бұл жастар ұйымы аудан әкімдігі мен ардагерлер ұйымы тарапынан тапсырылған жұмыстарды тап-тұйнақтай орындауда жастарға тән жалынды жігер көрсетіп келеді. Олардың Ұлы Жеңістің құрметіне орай көп ізденіспен жасаған, соғыс ардагерлері топтастырылған альбомдары табанды еңбектің нақтылы нәтижесі деп айта аламыз.
Ардагерлер ұйымы ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойын да атаусыз қалдырған жоқ. Бұл жағынан айтқанда, Елтай ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Есенгелді Сәлібековтің және «Асыл аналар» ұйымының төрайымы Күлпан Исабаевалардың жетекшілігімен Абай өмірінің шығармашылық ізденіспен сахна төріне шығарылуына облыс бойынша келген ардагерлер ұйымдары асқан ризашылықпен тәнті болды. Сонымен бірге олардың Абай әндерін асқан шеберлікпен орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Олардың өрге жүзген өнерлері тамашалаушылар тарапынан жоғары бағасын алды.
Аталған мерзім ішінде ардагерлер ұйымындағы жемісті жетістіктері үшін Елтай ауылдық округінен әжелер хорын ұйымдастырған, облыстық және Қырғызстанда өткен өнер байқауларында бас жүлдеге ие болған, Түркияға жолдама алған Назаргүл Уәлиева, ардагерлер ұйымындағы 12 жылдық жемісті еңбегі үшін Гүлжан Тілеуліқызы «Алматы облысының Құрметті ардагері» медалдарымен марапатталды. Осы жиын барысында адалдықпен атқарған айтулы жұмыстары үшін Райымбек ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Леміс Әбдікерімов, Әйтей ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Амангелді Шәріпқұлов, Жамбыл ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Елікбай Оспанқұлов, Іргелі ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Егінбек Егеубеков, Шамалған ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Қанат Қатубаев, Елтай ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Есенгелді Сәлібеков, «Алатау жастары» ұйымының төрайымы Жарқынай Садуова және тағы басқаларға арнайы атаулы сыйлықтармен бірге аудан әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды.
Кең көлемде өткізілген аудан ардагерлерінің есеп беру жиналысында оның төрағасы Сағат Мәсімақыновтың атқарған жұмысына қанағаттанарлық баға берілді. Сондай-ақ алдағы жылы атқарылатын жұмыстардың іс-жоспары мен міндеттері де таныстырылды. Осыған қарап-ақ ардагерлер ұйымының жақсы істері алда да жалғасын таба беретініне толыққанды сенім артуға болады. Олар қашан да көшбасынан көріне бермек.
Қанат ТӘКЕБАЕВ,
Қаскелең қалалық ардагерлер
ұйымының төрағасы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
