«Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, Конституция күніне орай, «Айбары асқақ Ата заң» атты салтанатты қабылдау өтті. Аталған шараны «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат ашып, партия мүшелерін мерейлі мере-
кемен құттықтады. Аталған бас қосу аясында партия қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге партиялық билеттер табыс етілді.
Жаңадан партия билетін алған партия мүшелері атынан сөз алған Жұмабек Смамұтов шараға қатысушыларды мерекелерімен құттықтай отырып, партия білдірген сенімге лайық болатындықтарын айтты.
Соңынан аудандық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сағындық Жылқыбаев, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов Конституция күні жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейтін жетістіктерімізді паш ету және партия жоспарларын жұртшылыққа жеткізу бәрінің парызы екеніне назар аудартып, жаңа мүшелерге ақ тілектерін айтты.
* * *
«Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат, сонымен қатар, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін құттықтап, партия қатарына жаңадан қабылданған партия мүшелеріне партиялық билеттер мен Саяси Доктрина кітапшасын табыстады.
* * *
Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, сондай-ақ, «Қаскелең» бастауыш партия ұйымының «Немере» партиялық тобының мүшелерін мереке қарсаңында құттықтап қайтты.
Оның барысында партияның жаңа мүшелеріне билет табыстап, Елбасының стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға белсене қатысуға, ел дамуына елеулі үлес қосуға шақырды.
Өз тілшіміз.