Бүгін бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес Райымбек ауылының спорт кешенінде ақпараттық-түсіндіру тобы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұжыммен, ауыл тұрғындарымен және жастармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны мен маңызы жан-жақты түсіндіріліп, олардың ел дамуы үшін атқаратын рөлі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, пікір алмасу жүргізілді.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
