Конституциялық комиссия отырысында жаңа Ата заң мәселесін қарау ұсынысы – еліміздің даму жолында маңызды әрі уақыт талабына сай қадам. Қоғамдағы саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер қолданыстағы Конституцияның кейбір нормаларын қайта қарауды қажет етеді. Жаңа Ата заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар, Ата заңға «Таза Қазақстан» мен «Заң мен тәртіп» идеологиясын енгізу болашақ ұрпақтың дамуы мен елдің әділетті, таза мемлекет болып қалыптасуына зор ықпал етеді. Мұндай бастама тек халықтың пікірін ескеріп, ашық және жан-жақты талқылау арқылы жүзеге асқан жағдайда ғана нақты нәтижесін береді деп сенемін. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан Конституциялық кеңес отырыстарын бақылау барысында көтерілген мәселелер елдің маңызды мәселелерін дұрыс шешуге елеулі ықпал ететіні сөзсіз.
Бақыткүл Құланшеева,
Әйтей ауылдық округі Аналар кеңесінің төрағасы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
