Жуырда Жібек жолы ауылдық округінде Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен ерекше балаларға арналған «Жүректен жүрекке» фестивалі өтті. Бұл шараның басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларға қуаныш сыйлап, олардың қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік беру.
Мерекелік шара барысында әлеуметтік қызметкерлер дастархан жайып, түрлі ойындар мен сайыстар ұйымдастырды. Балалар ән шырқап, өлең оқып, өз өнерлерін паш етті. Әрбір қатысушының жүзінен қуаныш пен шаттық байқалды. Фестиваль соңында белсенді бүлдіршіндерге марапаттау қағаздары табысталды. Ал ата-аналар мен қонақтар іс-шараны ұйымдастырған мамандарға өз алғыстарын білдіріп, мұндай игі бастамалардың жиі өтуін тіледі.
Сонымен қатар Қарасай ауданының әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Рита Турманбетова іс-шараға қолдау көрсеткен «Керемет» мейрамханасына және басқа да жомарт жандарға өз алғысын білдірді. «Жүректен жүрекке» фестивалінде мейірім мен қамқорлықтың, жылы сөз бен ықыластың көрінісі шынайы байқалды.
Әділет ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
