Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Қарасай аудандық филиалы өңірдегі «Үздік ұжым» номинациясын иеленді.
Марапатқа ауданымыздағы тіл орталығының ұжымы тілдерді дамыту мен қолдануға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда жоғары нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін лайық деп танылған. 2016 жылы ашылған біздің аудандағы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығын Жанар Оразалиева басқарады. Бұл мекеме сол уақыттан бері аймақтағы ересек тұрғындарға тілдерді меңгертуге жұмыс істеп келеді. Нақтырақ айтқанда, ағылшын тілін және өзге ұлт өкілдері үшін қазақ тілін оқытады. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларын жоспарға сәйкес орындап, тұрақты түрде түрлі тақырыпта дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Міне, сол елеулі еңбектері ескерусіз қалған жоқ. Атқарған жұмыстарының жетістігі ретінде облыстағы белсенділердің алдынан көрінді.
Өз тілшіміз.