Терроризм мен экстремизм бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша шынайы қауіпке айналып отыр. Оның таралуы да қатты алаңдатады.
Жалпы, «Террор» сөзінің мағынасы, латын тілінен аударғанда, қорқыныш, үрей деген ұғымды білдіреді. Ал, терроризмнің негізгі әрекеті қоғамға қауіп тудырады, қосымша әрекеті адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан да терроризмді көп обьектілі қылмыс түріне жатқызады. Иә, бүгінде терроризм және оның кез келген нысанымен күрес жаһандық халықаралық үлкен міндет болып табылдады.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-1-бабына сәйкес, Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында да өз құзыреті шеңберінде терроризмге қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған міндетті жұмыстар атқарылуда.
Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарға дер кезінде ескертуімен немесе өзге тәсілмен терроризм актісін болғызбауға септігін тигізсе және егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын білген жөн.
Әлемде орын алып жатқан келеңсіз жағдайларды ескере отырып, біздер, Қазақстан Республикасының азаматтары, барлық террористік, экстремистік әрекеттердің алдын алуға өз үлесімізді қосуымыз керек!
Рахымжан ДИЛЬДАЕВ,
Қарасай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.