Қылмыстық іс жүргізуде соттың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы – әділ сот төрелігін жүзеге асырудың іргелі қағидаттары болып табылады. Бұл қағидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қылмыстық-процестік кодексінде бекітіліп, сот билігінің мәні мен мақсатын айқындайды. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Аталған конституциялық ереже қылмыстық іс жүргізуде соттың қандай да бір ықпалға жол бермей, дербес шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.
Бұл қағидат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінде (әрі қарай-ҚР ҚІЖК) нақты көрініс тапқан. Аталған бапқа сәйкес, сот қылмыстық істерді қарау кезінде тәуелсіз болып табылады және оның қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді. Судьяға заңсыз ықпал ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Осылайша, заң сот билігінің дербестігін құқықтық тұрғыда қорғайды. Соттың бейтараптылығы қағидаты ҚР ҚІЖК-де көзделген. Бұл бапқа сәйкес, сот қылмыстық процесте тараптардың ешқайсысының жағында болмайды және айыптау мен қорғау тараптарына тең жағдай жасайды. Сот істі қарау барысында тек объективті түрде зерттелген дәлелдемелерге сүйеніп, заңды әрі негізді шешім қабылдауы тиіс.
Сонымен қатар, соттың бейтараптылығы жарыспалылық және тараптардың тең құқықтылығы қағидатымен тығыз байланысты. ҚР ҚІЖК-не сәйкес, айыптау мен қорғау тараптары өз ұстанымдарын қорғауда тең құқықтарға ие, ал сот олардың процессуалдық мүмкіндіктерінің тең дәрежеде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Соттың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі кепілі болып табылады. Бұл қағидаттар қылмыстық процесте заңсыз айыптауға жол бермеуге, әділ үкім шығаруға және сотқа деген қоғамдық сенімді нығайтуға бағытталған.
Қорытындылай келе, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 22 бабында бекітілген соттың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы қағидаттары қылмыстық сот ісін жүргізудің құқықтық негізін құрайды. Аталған қағидаттардың мүлтіксіз сақталуы ғана әділ сот төрелігін қамтамасыз етіп, құқықтық мемлекеттің талаптарына сай келеді.
Н.АЛДЕШОВ,
Алматы облысының қылмыстық істер
жөніндегі манадандырылған ауданаралық сотының
сот отырысының хатшысы бас маманы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
