Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, қоғамдық тәртіпті, көшелердегі, аулалардағы және өзге де қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айының 15-17 күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осыған орай Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД Қарасай аудандық пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған барлық сотталғандардың мекен жайын тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Жекелеген қылмыстардың алдын-алу мақсатында есепте тұрған сотталғандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық тәртіптің сақталуын қатаң қадағалайды.