Конституцияның жаңа жобасында құқықтық көмекке қатысты норманың қайта қаралуын маңызды әрі екіжақты мәні бар өзгеріс деп бағалаймын. Бұрын «әркімнің тегін заң көмегін алуға құқығы бар» деген жалпы норма болған еді, ал жаңа редакцияда тегін құқықтық көмек тек заңгер жалдауға мүмкіндігі жоқ азаматтарға көрсетілетіні нақтыланған.
Бұл өзгеріс мемлекеттік ресурстарды мақсатты әрі әділ пайдалануға бағытталған деп есептеймін. Шын мәнінде құқықтық көмекке мұқтаж азаматтар — әлеуметтік тұрғыдан осал топтар. Сондықтан тегін заң көмегінің дәл осы азаматтарға көрсетілуі — әлеуметтік әділеттіліктің көрінісі.
Сонымен бірге бұл норма азаматтардың жеке жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Өз құқығын қорғау жолында мүмкіндігі бар азаматтың заң көмегін өзі ұйымдастыруы — құқықтық мәдениетті қалыптастырудың бір бөлігі. Алайда мемлекет тегін құқықтық көмекті алу шарттарын ашық әрі түсінікті етіп бекітуі қажет, себебі бұл көмекке шын мұқтаж жандар шет қалмауы тиіс.
Қорытындылай келе, құқықтық көмекті нақтылау — мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікті айқындайтын қадам. Бұл өзгеріс тиімді іске асса, қоғамда әділдік пен құқыққа деген сенім нығаяды деп санаймын.
Елікбай Оспанкулов,
Жамбыл ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
