Бүгін Қарасай ауданындағы «Апорт» сауда-ойын-сауық орталығында Алматы облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын кеңінен түсіндіру және азаматтарға тегін әрі қолжетімді құқықтық көмек көрсету болды. Акция барысында тұрғындар өздерін мазалаған түрлі құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан кеңес алып, нақты сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Іс-шараға келген әрбір азаматқа жеке көңіл бөлініп, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін арттыруға және мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға ықпал етті.
Жалпы, «Құқықтық дәріхана» акциясы халық пен құқық қорғау органдары арасындағы ашық диалогты дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Осындай мазмұнды әрі пайдалы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
