Бүгінгі Конституциялық комиссия отырысы Қазақстанның құқықтық, әлеуметтік және экономикалық дамуына бағытталған кешенді реформаларды қарастырды. Конституцияға енгізілетін түзетулер адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, жеке тұлғаның қадір-қасиеті мен ар-намысына басымдық беруге, өмір сүру құқығын және сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, цифрлық дәуірде дербес деректерді қорғау және әлеуметтік құқықтарды нығайту мәселелері де назарда. Экономикалық бағытта елдің жекелеген аумақтарында қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу немесе «жедел даму қалалары» құрылуы қарастырылуда. Бұл бастамалар «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Алатау қаласының дамуына, инвестициялық тартымдылықты арттыруға, жұмыс орындарын құруға және өңірлік әлеуетті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мемлекеттік басқару саласында Президенттің өкілеттіктерін оңтайландыру және Парламенттің ықпалын арттыру көзделіп, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік сақталмақ. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі де маңызды бағыттардың бірі болып отыр.
Барлық бұл өзгерістер Қазақстанда адамға бағдарланған, ашық әрі тиімді мемлекет құруға, құқықтық айқындықты қамтамасыз етуге және экономикалық тұрақтылықты арттыруға бағытталған нақты қадамдар болып табылады.
Айсара Аскарова,
Алматы облысының заң кеңесшілерінің Бас палатасының заң кеңесшісі.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
