2025 жылы Алматы облысының ветеринария саласын дамытуға және оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл жұмыстар өңірдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал еткені анық.
Дәл сол сияқты Қарасай ауданынының ветеринария саласында да жағымды жаңалықтар орын алды. Өткен жылдың соңында Әйтей ауылындағы блокты-модульдік ветеринариялық пунктінің салтанатты түрде ашылуы болды.
Аталған шараға облыстық ветеринария басқармасының басшысы Б.Дарибаев, облыстық ветеринариялық станциясының директоры С.Мұхтар, аудан әкімінің орынбасары А.Сейдакматов, ауылдық округ әкімдігінің өкілдері және ауыл ақсақалдары, шаруа қожалықтардың басшылары қатысты.
Тағы бір айтулы жаңалықтардың бірі – Алматы облысы әкімінің қолдауымен ветеринария саласының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жүйелі жұмысының жалғасуы. Атап айтқанда, Жаңа жылдың қарсаңында Қарасай ауданына қарасты 5 округтегі ветеринариялық пунктке «JAC T6» және «Газ 2310773» автокөліктері табыс етілді. Айта кетейік, бұған дейін Елтай ауылдық округінің ветеринариялық пунктіне «NIVA» автокөлігі берілген болатын.
Салынған блокты-модульдік ветеринариялық пункт те, табысталған жаңа автокөліктер де ветеринария мамандарының жұмыс тиімділігін арттырып, тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етуге, профилактикалық және эпизоотияға қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізуге, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі эпизоотиялық жағдайды бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді деп сенеміз.
2026 жылы да ветеринария саласының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасып, ауданның қалған ветеринариялық пункттеріне тағы да автокөліктер мен блоктық модульды ветеринариялық пункттер салу жоспарланып отыр.
Ж. ЖАРБОЛОВ,
Қарасай ауданының ветеринария бөлімінің басшысы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
