Мемлекетімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, ауданымыз бойынша тұрмысы төмен отбасыларға, әкімдік тарапынан және басқа да кәсіпкерлер мен түрлі мекемелердің атынан барынша қолдау көрсетілуде. Мұндай игі бастамаға Шамалған ауылындағы «Úshqońyr» спорт кешені де атсалысып, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға және жалғыз басты аналарға қолдау білдіруде.
Жақында Дәурен Төлеген басшылық ететін спорт мектебінің қызметкерлері өз қаржыларының есебінен ауданымызда тұратын жоғарыда аталған санат бойынша 15 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етті. Мекеме ұжымы қажетті заттарды олардың үйлеріне дейін апарып, жеткізіп берді. Отбасылардың барлығы да спорт кешенінің осындай жақсылығына риза болып, алғыстарын жеткізді.
Өз тілшіміз.