Тарихында қазақтың алған орны ерекше,
Азаттықтың таңына үлесі қосқан бөлекше,
Халқына қорған болған қаһарман ер есте,
Батыр бабаБөкенбай – ұлы тұлға өзгеше!
Қасиетті Қарабатыр қанынан ол жаралған,
Желдей ескен Ақбөкеннің ақ сүтінен нәр алған.
Жастайынан елі үшін бес қаруын асынып,
Отаным деп отқа күйіп, сан ерлікке бара алған.
«Қолына байрақ ту алған,
Алмасын қанға суарған.
Жауар бұлттай түйіліп,
Найзасын көкке үйіріп,
Жауды көрсе қуанған.
Ерлігін жаннан асырған,
Жетірудың батыры
Табыннан шыққан Бөкенбай».
Айбатты да қайратты ол
дұшпан жолын байлады,
Қалмақ – Аюке әскерін
жиырма жаста жайлады.
Он бес жыл үстем боп,
сындырып сағын қалмақтың,
Сайыпқыран батырым жауды жеңді айлалы.
Жарты ғасыр бабамыз қол бастаған шағында,
Тұнып тұрған бойда қуат,
күш-жігердің барында,
Жоңғар-қалмақ, түрікменге
жеңіс сөзін ұмыттырып,
Тыныштығы елінің нұрландырған жанын да.
Тарихи ұлы тұлға бабамыз, олай емей немене,
Сенімі халықтың артылған, кәміл емей немене!
Толғандырған жеріменен елінің де тағдыры,
Ұлықтайды бабаны ұрпағының барлығы!
Рахила САТҚАНБАЕВА,
Шамалған ауылының тұрғыны,
зейнеткер ұстаз.