Жанымызбен тебі-реніп, жүрегіміз-бен толғанып айтатындай, Тәуелсіздігімізбен құрдас жастар, шын мәнінде, бақытты. Сол бақтары, бақыттары баянды бола бергей дейміз әрдайым.
Кеген ауылында тұратын Ерсариева Айнұр Дәулетқызы 1991 жылы Кеген ауылында дүниеге келген. Өз тұсындағы №2 Кеген орта мектебінің өнегелі, озат оқушыларының бірі болды. Асыл арманының құшағында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін жақсы бітіріп шықты.
Қазір Айнұр Дәулетқызы – Кеген ауданы бойынша мансап орталығының, білікті жас мамандарының бірі. Мұнда еңбек етіп келе жатқанына да бірнеше жыл болды. Мінезі қарапайым, ұстамды, өз жұмысын сондайлық жақсы білетін Айнұр ұжым ортасында беделді, сыйлы да құрметті.
– Тәуелсіздігіміз үшін қуанамын. Әрбір жетістігі, жақсылығы жанымды жылытып тұрады, – дейді Айнұр жылы жымиып.
Біз сөз етіп отырған туған жер қарлығашы, туған ауылын тұғыр еткен қыз – ауылдағы бақытты жас отбасының бірі. Жұбайы Дарын Сембай екеуінің ұядай шаңырақтарында Бақдәулет, Жанғазы атты екі ұл өсіп келеді. Тәуелсіздігіміздің төл құрдасы Айнұрға бар жақсылықты тіледік.
Расыменде, бүгінгі гүлденген Қазақстанда білім, өнер қуған жастарға еш шектеу жоқ. Мемлекет тарапынан да көрсетіліп жатқан қолдаулар аз емес. Турасын айтқанда болашақта білікті маман болуға мүмкіндік зор. Бастысы – табандылық танытып, қажырлы жұмыс істеу. Отанымызға адал еңбек етіп, Қазақстанды биікке бірге жеткізейік. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болғай!
Индира ҚАНАТҚЫЗЫ.
Кеген ауылы,
Кеген ауданы.