«Атамекен» тарихи-мәдени орталығының директоры Аяужан Садуақасова жақында Қарасай ауданының намысырн арқалап, республикалық деңгейдегі «TOMIRIS-2025» жобасының қатысып, жеңімпаз атанды.
Аталған жобаның мақсаты Қазақстанның түкпір-түкпірінен білімді, бәсекеге қабілетті, іскер әрі көшбасшы әйелдерін бір арнаға тоғыстырып, тәжірибе алмасып, жан-жақты дамытуға мүмкіндік беру.
«TOMIRIS» жобасы – осы саясаттың нақты көрінісі, әйелдерге берілген зор сенім мен қолдаудың айқын дәлелі. Сондықтан бұл бақталаста сынға түсудің өзі ерлік. Ал мұндай жобалардың жүзеге асуына «AMANAT» партиясы мұрындық болуда. Ол жайында Аяужан Заманбекызы ойымен бөлісім, саяси ұйымға ризашылығын білдірді.
«Осындай үлкен мүмкіндік үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа және «AMANAT» партиясының қолдауымен жұмыс істейтін Саяси менеджмент академиясына шексіз алғысымды білдіремін. Президентіміз гендерлік теңдік мәселесіне жүйелі көңіл бөліп, әйелдердің қоғамдық-саяси процестерге, кәсіпкерлікке, әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысуына қолайлы жағдай қалыптастыруда.
Қарасай ауданынан осы жобаның қатысушысы әрі жеңімпазы болу — мен үшін үлкен мәртебе және зор жауапкершілік. Бұл жеңіс менің жеке жетістігім ғана емес, ауданымыздың белсенді әйелдерінің әлеуетін көрсетуге жасалған маңызды қадам деп есептеймін», – деп Аяужан Садуақасова пікір білдірді.
Мемлекет басшысының әйелдер көшбасшылығын қолдауы — қоғамдағы әділдік, тең мүмкіндік және өркендеу қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Білікті, батыл, жауапкершілігі жоғары әйелдердің ел дамуына қосар үлесі зор. Осындай жобалар арқасында жаңа серпін, жаңа идеялар, жаңа мүмкіндіктер пайда болып, қоғамның әр саласында жасампаз өзгерістер орын алатыны сөзсіз.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
