Аудан әкімінің міндетін атқарушы Айжан Нұрділдәқызы кеше онлайн форматта және санитарлық талапқа сай тұрғындарды жеке қабылдап, олардың тарапынан көтерілген бірқатар мәселелердің шешімін айтып, түрлі сұрақтарына жауап берді. Қашықтан өткен қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен бірқатар бөлім басшылары да қатысты.
Қарасайлықтардың басым көпшілігі үй, жер және түрлі әлеуметтік мәселелерге қатысты өтініш-терін жеткізді. Айжан Нұрділдәқызы әрбіріне мұқият көңіл бөліп, оңтайлы шешу жолын да қарастырды.
Көтерілген мәселелердің арасында жер телімінің құжаттарына қатысты сауалдар да жиі қозғалды. Барлығына заң аясында нақты түсініктер берілді.
Талқыға түскен өтініштердің арасында Қаскелеңдегі Ақсай көшесінің мәселесі де айтылды. Қала тұрғыны Серік Молдабеков көшеде асфальт пен арықтың жоқтығын алға тартып, осыны біржақты шешуін сұрады. Өз кезегінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Айжан Нұрділдәқызы тұрғынның өтінішін ескере келе, көшенің жөндеу жұмысына жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптамадан өтуде екенін айтты. Яғни, бюджеттен ақша бөлінген жағдайда келер жылы Ақсай көшесінің мәселесі шешіледі деген жоспар бар.
Қабылдау кезінде қаскелеңдік Гүлнәр Алдабекованың жеке өтініші де назарға алынды. ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі Г.Алдабекова медициналық көмекке мұқтаждығын түсіндірді. Ал, Айжан Нұрділдәқызы қала тұрғынына өтініші бей-жай қалмайтынын айтып, оған тиісті көмек қарастырылатынын жеткізді. Сондай-ақ, осы мәселені жіті бақылауда ұстау үшін ауданның бас дәрігеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Осылайша қара-сайлықтардың барлық өтініш-тілектері тыңдалды. Талқыланған мәселелеріне қатысты заң бойынша жауаптары айтылып, шешіміне қатысты түсініктер берілді.
Өз тілшіміз.