Мемлекеттік тіл саясатында өзекті мәселелерді шешу, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізілуіне баса мән беру, ономастика саласында, соның ішінде қазақ тілінде әзірленетін деректемелер мен көрнекі ақпараттардың сауаттылығы және сапасы – басты назарда. Ал, бұл ретте жыл сайын дәстүрлі өткізілетін «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясының маңызы зор. Аталған бастама негізде облыстағы 2021 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Осылайша жыл бойы елеулі еңбек еткендер ескерісіз қалған жоқ. Нәтижесінде жерлесіміз, Қарасай аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы «Тіл қорғаны» номинациясының жүлдегері атанды. Тіліміздің тұғырын биіктетіп, тазалығының сақталуына үлес қосып жүргендердің игі істерін бағалауға арналған жиын, Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Бүгінде сексен жастың биігіне алқынбай шығып отырған Шара апаның кеудесінде «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» медалі және бірнеше мерекелік медаль жарқырайды. «Қарасай ауданының Құрметті азаматы» атағының да иегері. Аудандық «Қазақ тілі» қоғамында 2004 жылдан бастап жұмыс істеген, 2019 жылдан бері байыпты басқарып келеді. Қашан көрсен де туған тілдің жағдайын ойлап, ұлғайған жасына қарамай тынымсыз әрекеттеніп, жүгіріп жүргені көңіл қуантады. Тіпті, бұл реттегі ерекше еңбегіне қарап отырып, қазақ тілінің мәртебесінің көтерілуі, мерейінің өсуі үшін қандай қиындыққа болса да баруға әрдайым әзір, деп атап айтамыз. Сонымен қатар, ел-жұртқа сыйлы, құрметті, өмірі, еңбегі – жастарға үлгі-өнеге. Жасай беріңіз, шаршамаңыз, Шара апа!
Бұрым ОРЫНБАСАР.