Аптаның алғашықы күні ауданның орталық кітапханасының ғимаратында «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы Қаныбек Айтжановтың төрағалығымен партия аудандық филиалының кезектен тыс XXXVIIІ конференциясы өтті.
Бұл жиынға партияның ардагерлері мен белсенділері, аудандық мәслихаттың VІІ шақырылым депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағасы мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері, жалпы арнайы сайланған 55 делегат қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алғашқысы бойынша «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Қарасай аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлерді ұсыну туралы аудандық партия төрағасына сөз берілді. Қаныбек Құлжабайұлы бірмандатты сайлау округтері бойынша аудандық мәслихаты депутаттығына ұсынылатын кандидаттардың тізімін оқыды. Делегаттардың келісімімен кандидаттар тізімі бірауыздан бекітілді.
Екінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясына қатысатын 12 делегаттың тізімі таныстырылды. Ұсынылған үміткерлер делегаттар тарапынан бірден қолдау тауып, бекітілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралған соң, қажет шешімдер қабылданып, конференция өз жұмысын аяқтады.
Жиын соңында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қаныбек Айтжанов конференция жұмысына қатысқандарға алғысын білдіріп, партияның биылғы жылғы мақсат-міндеттері айқын екенін айтып, партияластарын халық үшін еңбек етуге шақырды.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.