Жақында пробация қызметінің есебінде тұрғандар аудандық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп бетперде таратуға атсалысты.
Індеттің таралуы әлі де саябырсымай тұр. Сондықтан, әсіресе, қоғамдық орындарда бетпердемен жүру қажеттілігін көп адамдар естен шығарғандай. Осыны негізге алған аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшауланбаған, жазаға тартылғандардан жасақталған еріктілер адамдар көп шоғырланатын жерлерде бетперделер мен Covid-19 індетінен сақтану шаралары жазылған нұсқаулық парақшаларын таратты. Сонымен қатар, санитарлық ережеге салғырт қарамауға шақырды. Әр адамға қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтап, масканы тағу міндетті екені ескертілді.
Бұрым ОРЫНБАСАР.