Жануар мен жігіттің үндестігін, ептілігі мен шапшаңдығын паш ететін тартымды спорт. Шабандоз атпен шауып келе жатып жерде жатқан теңгені қолмен іліп алуы қажет.
Теңге ілу жарысы 11-13 қыркүйек аралығында этноауыл алаңында өтеді.
Көшпенділер ойындарында көкпар, бәйге, қазақ күресі, түркі халықтарының күрес түрлері, асық ату, алыптар сайысы (powerful nomad), аударыспақ, теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, таяқ тарту (мас-рестлинг), арқан тартыс, тоғызқұмалақ сынды көшпелі жұрттың 21 спорт түрінен жарыстар, мәдени бағдарлама, ғылыми конференция өтеді.
8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ге жуық елден 2000-нан аса спортшы қатысады.
Билеттер zakazbiletov.kz сайтында.