Референдумға дауыс беруге келген көптеген қарасайлықтардың ішінде Шамалған ауылдық округінің тұрғыны, ҚР Құрметті азаматы, тарихшы-этнограф, жазушы Таласбек Керімбай да болды. Маңызды науқанға келген құрметті ардагер жаңа Конституциядағы өзгерістерге қолдауын білдіріп, дауыс беру учаскесіне келген азаматтарға, комиссия мүшелеріне ақ батасын берді.
– «Елімізде қабылданған әр заң осы Ата заңымызға қарап жасалады. Конституция халқтың құқықтық мүддесін, ар-намысын қорғауда, елдің заң саласындағы ең маңызды құжат болып табылады. Сондықтан оған енгізілген әр өзгеріске мұқият назар аударып, көңіл бөлуіміз керек. Осы ретте жасым 80-нен асса да таңмен таласа тұрып, өз учаскеме келіп, дауысымды беруді жөн көрдім. Бүгін еліміз үшін тарихи сәт. Сондықтан біз елдің тағдырына бейжай қарамай, маңызды шешімді қабылдауда өз белсенділігімізді көрсете бөлуіміз қажет,» – деді ардагер.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
