Бүгін еліміз үшін маңызды тарихи сәтте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі театр және кино актері Болат Әбділманов сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Ұлттық өнердің қара шаңырағында сан түрлі бейнелерді, соның ішінде тарихи тұлғалар мен Абай бейнесін сомдаған мәдениет қайраткері бұл жолы азаматтық ұстанымын танытып, ел болашағы үшін дауыс берді.
«Біз сахнада әрқашан шындық пен рухани тазалықты іздейміз. Ал референдум — бұл халықтың өз шындығын айтатын, болашағын өз қолымен қалайтын сәті. Ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер әрбір қазақстандықтың тағдырына әсер етеді. Мен бүгін еліміздің тұрақтылығы мен өнеріміздің өркендеуі үшін, ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым», — деп атап өтті Болат Әбділманов.
Өнер иесі өз дауысын беру арқылы өскелең ұрпақты ел тағдырына бейжай қарамауға шақырды.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
